Кристо Поповпен өтетін тренингтің кестесі Биыл BI Group компаниясы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл жай ғанамереке емес, бұл – өсу, қиындықтарды жеңу және үлкен жетістіктер тарихы. Осы мерейтой аясында біз ерекше тренинг ұйымдастырып отырмыз. Бұл тренинг "Қатаңойындар" жобасының қатысушыларын, біздің сенімді бизнес серіктестерімізді жәнеақылшы ұстаздарымызды біріктіріп отыр.
"Бүгінгі кездесу – жай ғана оқыту емес. Бұл – сенім, пікірлестер қауымдастығы және біргеалға ұмтылу. Өсуге, өзгеруге және жақсы болашақ құруға деген ортақ ниет. Осы жолдыңбір бөлшегі болғаныңыз үшін алғысымыз шексіз. Бүгінгі күн сізге тың идеялар, шабытпен жаңа серпін сыйлайды деп сенеміз!"
BI University
Корпоративтік университет
КРИСТО ПОПОВ
Бизнес-спикер, коуч және халықаралық кеңесші
Еуропа мен Азияның ірі корпорацияларымен жұмыс істейтін Fast Track компаниясының негізін қалаушы және CEO-сы. Лидерлікті дамыту, командалық тиімділік және өзгерістерді басқару салаларында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Heineken, Nestlé, BNP Paribas, Allianz, Samsung және басқа да көптеген компаниялардың топ-менеджментіне оқыту жүргізген. 30-дан астам елде тренингтер өткізген. Негізгі тақырыптары: жеке тиімділік, лидерлік, work-life balance, командалық өзара әрекеттесу, стратегиялық ойлау.